Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Толқындар

Конспект

Толқындар –уақыт өтуіне байланысты кеңістікте тербелістің нүктеден нүктеге (бөлшектен бөлшекке) таралуы

 

 

 

Толқындар көлденең және қума толқындар болып бөлінеді. Ортаның бөлшектері толқынның таралу бағытына перпендикуляр толқындар - көлденең толқындар, тербеліс болып өткен түзудің бойымен таралатын толқындар- қума толқындар.

 

Толқын графигі

\(\lambda\) – толқын ұзындығы

\(\vec{V}\) – толқын жылдамдығы

\(x_m\) – нүктенің тербеліс амплитудасы

\(r\) – толқынның берілген нүктесінің

толқын көзінен қашықтығы.

 

Толқын ұзындығы \(\lambda[m]\) - бірдей фазамен тербелетін ең жақын екі нүктенің арақашықтығы (тербелістің бір период ішінде серпімді ортада таралатын арақашықтығы)

 

Толқын жылдамдығы \(u[m/c]\) - белгілі фазасы бар тербеліс нүктесінің орынауыстыру жылдамдығы (өр мен сайдың орынауыстыру жылдамдығы)

 

\(\boxed{v=\frac {\lambda}T=\lambda v}\) \(u\) – ортаның қасиетіне байланысты

\(v(T)\) – толқын көзіне байланысты

 

 

Ортадағы толқындар

 

Жазық толқын

\(E_1=const\)

Толқындық бет – бірдей фазада тербелетін нүктелердің геометриялық орны

 

Толқын фронты уақыт мезетінде тербелістің жететін нүктелердің

геометриялық орны

\(E\)  – толқын ағыны.

Сәуле – толқындық бетке перпендикуляр

сызық (бұл сызық толқынның таралу бағытын көрсетеді)

 \(E_1\sim\frac1{r^2}\)

 

 

Толқын бір ортадан екінші

ортаға өткенде:

-толқын жиілігі өзгермейді

-толқын жылдамдығы, ұзындығы өзгереді

 

 

Дыбыс – тербеліс жиілігі 16\(Гц\) – 20000\(Гц\) аралығындағы механикалық қума толқындар. Инфра <= ν=16\(Гц\)– 20000\(Гц\) => ультра дыбыс. Дыбыс тоны жиілігімен анықталады (төменгі тон, жоғарғы тон). Дыбыстың қаттылығы амплитудасымен анықталады. Дыбыс таралу үшін дыбыс көзі мен дыбыс қабылдағыш арасында серпімділік қасиеті бар қандай да бір орта болу тиіс. Ауасы жоқ бостықта дыбыс толқындары тарай алмайды. Әртүрлі ортада дыбыс әртүрлі жылдамдықпен тарайды. Мысалы, суда ауадағыға қарағанда 4,5 есе тез тарайды.

 

\(u\) ауада \(\approx\) 330\(m/c\) \(u\) суда \(\approx\) 1480 м/с

 

 

Акустикалық резонанс: дыбыс толқындары жүйеде еріксіз тербелістер туғызады. болғанда резонанс болады.

 

Толқынның қасиеттері

I.

Толқындардың шағылуы

және сынуы

Екі ортаның шекарасындатолқынныңаздаған бөлігі

шағылып, бір бөлігі екінші ортаға өтеді(өту

көрсеткіші ортаның кедергісіне байланысты)

 

\(AO\) – түскен сәуле;

\(OB\) – шағылған сәуле;

\(OC\) – сынған сәуле;

\(a\) – толқынның түсу бұрышы;

\(Ү\) – сыну бұрышы;

\(\beta\) – шағылу бұрышы.

 

Шағылу заңы

\(1)\) Түскен сәуле, шағылған сәуле, түсу нүктесіне түсірілген

перпендикуляр бір жазықта жатады.

\(2)\) Түсу бұрышы шағылу бүрышына тең

 

 

Сыну заңы

\(1)\)Түскен сәуле, сынған сәуле, түсу нүктесіне түсірілген перпендикулярбір жазықтық тажатады

\(2)\) Түсу бұрышының синусының, сыну бұрышының синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты және таралу жылдамдықтарының қатынасына тең.

 \(\boxed{\frac{\sin\alpha}{sin\gamma}=\frac{v_1}{v_2}=const}\)

 

 

II.

 

Когерентті толқындардың қосылу салдарынан кеңістіктің әртүрлі нүктелерінде толқындардың күшею және әлсіреу құбылысының уақыт өтуімен тұрақты көрінісінің пайда болуы.

Когерентті толқындар – жиілігі бірдей және фазалар айырымы тұрақты толқындар.

 

Интерференция кезінде толқынның күшею, әлсіреу шарттары:

 

\(\boxed{\bigtriangleup r=\lambda n}\)   \(\boxed{\bigtriangleup=\frac{\lambda}2(2n+1)}\)

 

\(\bigtriangleup r\)  – толқындардың жол айырымы.

 

III.

 

 

Толқындар жолында бөгетті кездестіргенде түзу

сызықты таралу бағытынан ауытқиды (толқындардың бөгетті орап өтуі).

Шарты: бөгеттің өлшемі толқын ұзындығымен шамалас болуы қажет.

 

IV.

 

Көлденең толқындардың белгілі бір бағытының бөлініп алынуы (поляризатордың көмегімен).



Сұрақтар
  1. Адамның есту мүшесі \(20\)-дан  \(20000\) Гц-ке дейінгі жиіліктегі толқындарды қабылдайды. Адам қабылдайтын дыбыс толқыны ұзындығының интервалы (ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы \(340\) м/с)

  2. Толқын көзінің тербеліс теңдеуі \(x=2\sin200\pi t\), тербелістердің ортада таралу жылдамдығының модулі \(400\) м/с. Толқын ұзындығы

  3. Дыбыс жиілігін өзгертпей оның амплитудасын \(2\) есе арттырса, дыбыс тоны

  4. Бақылаушы дыбыс сигналын толқын көзі жұмыс істей бастағаннан \(4\) с өткен соң естіді. Егер дыбыс жиілігі \(1\) кГц, толқын ұзындығы \(32\) см болса, бақылаушының толқын көзінен қашықтығы

  5. Дыбыс шағылдыратын бөгетке дейінгі қашықтық \(102\) м, адам құлағына жаңғырық естілетін уақыты \((υ=340\) м/с\()\)

  6. Серпімді ортада толқын \(100\) м/с жылдамдықпен тарайды. Фазалары бірдей ең жақын екі нүктенің арақашықтығы \(1\) м болса, тербеліс жиілігі

  7. Егер толқын ұзындығы \(0,6\) м-ге тең болса, онда толқынның екінші және бесінші жалдарының арасындағы қашықтық

  8. Егер \(0,002\) с периодпен тербелетін дыбыс көзі суда ұзындығы \(2,9\) м болатын толқындарды тудыратын болса, онда судағы дыбыстың жылдамдығы

  9. Теңіздегі толқындардың жақын орналасқан жалдарының арасындағы қашықтық \(10\) м. Егер толқындардың жылдамдығы \(3\) м/с болса, онда толқындардың қайықтың қабырғасына соғылу жиілігі

  10. Судың бөлшектерінің тербеліс периоды \(2\) с-қа тең, ал қатарлас жалдардың арасындағы қашықтық \(6\) м. Осы толқындардың таралу жылдамдығы

  11. Тербеліс көзінен \(12\) м және \(14\) м қашықтықтағы екі нүктенің тербеліс фазаларының айырмасын анықтаңыз. Тербеліс периоды \(0,4\) с, ал тербелістің таралу жылдамдығы \(10\) м/с.

  12. Механикалық толқындар қандай қасиеттерге ие?

Қате туралы хабарландыру