iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері
Кеңес армиясының неміс фашистерін осы елдердің аумағында талқандауы Шығыс Еуропа елдерінң ішкі даму үрдісіне шешуші әсер етті. Олар Кеңес Одағының бақылауында қалды. 1947-1948 жж. Шығыс Еуропа елдерінде коммунистер үкімет басына келді.
Фашизм жойылып, ұлт тәуелсіздігінің қалпына келтірілуі нәтижесінде Шығыс Еуропа елдерінде 1944-1945 жж. жаңа құрылыс орнады, ол халықтық демократия деп аталды, ал осы елдер халықтық демократия елдері деп аталатын болды.
Шығыс Еуропа елдері социализмнің ең оңды үлгісін іздестіруде болды. Алғашқысында барлық реформаларды социалистік таңдау шеңберінде жүргізу көзделді. Ондай елдің қатарына Польша, ГДР, Венгрия, Болгария, Румыния кірді.
1949 жылы қаңтарда экономикалық Өзара Көмек Кеңесі құрылды. Оны құрғандар – КСРО, Болгария, Венгрия, Польша, Румыния. Чехословакия. Бұл ұйымның мақсаты – өзіне енген елдер арасында жоспарлы, тең құқылы және өзара тиімді ынтымақтастық пен халықаралық еңбек бөлінісін ұйымдастыру.
1955 жылы 14 мамырда Варшавада сегіз елдің; КСРО-ның, Польшаның, Чехословакияның, Румынияның, Болгарияның, ГДР-дің және Албанияның достық, ынтымақтастық және өз ара көмек туралы шартына қол қойылды. Құрылған социалистік елдердің әскери-саяси одағы Варшава Шарты Одағы (ВШО) деп аталды.
Шығыс Германия саяси партиялары 1949 жылы демократиялық Германияның Ұлттық майданын құрды. 1949 жылы 7 қазанда Герман Демократиялық Республикасы (ГДР) құрылды.
Кеңес басшылығының қысымымен Шығыс Герман үкіметінің ұжымдастыруды тездете бастағаны ГДР азаматтарының жаппай Батыс Германияға қашып кетуіне әкеліп соқтырды. Бұл жағдай 1961 жылы ГДР-де екінші Берлин дағдарысын туғызды. Шығыс пен Батыс Берлин арасында іс-жүзінде шекара болмағандықтан, Батыс арнаулы қызметтерінің агенттері барлау деректерін жинастыру үшін ГФР-ден ГДР-ге жасырын өте бастады. Шығыс Герман және Кеңес басшылығы осы мәселені шешудің жолын іздей бастады. Герман коммунистерінің басшысы В.Ульбрихт Батыс Берлиннің төңірегінде тікенекті сымнан бөгет орнатуды ұсынды. 1961 жылы тамыздың 12-нен 13-не қараған түні ГДР халықтық полициясы мен армия бөлімшелері Батыс Берлинді тікенекті сымнан орнатылған бөгетпен қоршап алып, биіктігі 4 метрге дейін жететін, ұзындығы 150 км-ден асатын бетон қабырға орнатты.
ГДР-де туған 1961 жылы екінші Берлин дағдарысы, Шығыс Еуропа елдерінің социалистік құрылыстың ең оңтайлы үлгісін табуға ұмтылған әрекеттеріне дақ түсірді.
Шығыс Еуропа компартияларының басшылығы социализмнің кеңестік үлгісін классикалық үлгі деп қарап, социализмге өтудің экономикалық сипаты болатын және ұлттық ерекшелікті ескеретін басқаша жолы болуы мүмкін дегенге жол берді. «Социализмге жетудің Польшалық жолы», ГДР-дің «Ұлттық түстегі социализмі», сондай-ақ Югославиядағы «Өзін-өзі басқаратын социализм», Венгрия мен Чехословакия «Социалистік нарық» деп аталған жаңа экономикалық үлгі жасауға ұмтылды.
50-жж. соңы мен 60-жж. басындағы социалистік құрылыстың қорытындыларын шығарғанда, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері коммунистік партияларының көпшілігі социализмнің негіздері құрылғаны туралы мәлімдеді.
Югославия Халықтық демократия елдерінің арасында алдыңғылардың бірі болып, социализм жолына түскеніне қарамастан Югославия мен Кеңес басшылары арасында кеңестік үлгідегі социализм орнату жөнінде күшті жанжал туды. Оған мына оқиғалар себеп болды. 1947 жылы халықтық демократия елдерінің федерациясын құру идеясы Шығыс Еуропа елдерінің арасында аса кең тараған идея болатын. Югославия, Албания және Болгария экономикалық одақтар құру жөнінде нақты қадамдар жасады. Бұл И.Сталинге ұнамады. Ол Югославия жетекші роль атқара алатындай ірі федерация емес, қайта екі елді біріктіретін бірнеше ұсақ федерация құруды ұсынды.
80-жж. соңы 90-жж. басында Югославия экономикалық дағдарысқа ұшырады. Елді орталықсыздандыру үрдісі басталды. 1989 жылы 27 қыркүйекте Словения республикасы өз конституциясын жариялап, ЮСФР құрамынан шығу құқығын жариялады. 1991 жылы 26 маусымда Словения мен Хорватия ЮСФР құрамынан шығатынын мәлімдеді. 1991 жылы 18 қыркүйекте Македония, ал 1991 жылы қарашада Босния мен Герцеговина Югославиядан бөлініп шығып, тәуелсіздіктерін жариялады. 1995 жылы Босния мен Герцоговинада қалыптасқан жағдай өте ауыр болды. Онда сербтер,хорваттар мен мұсылмандар арасында қарулы қақтығыстар жүріп жатты. 1995 жылы Боснияға НАТО әскері енгізілді. 1997 жылы Косоводағы албандықтар көтерілді.
1989 жылы маусымда Польшада сеймнің сайлау өтті. Үкімет басына католиктік зиялы қауымның өкілі Тадеуш Мазовецкий келді. Мазовецкий үкіметі Қаржы министрі Л.Бальцерович жасаған экономиканы реформалау және түбегейлі қайта құру бағдарламасын жүзеге асыра бастады. Ол бағдарлама «Есеңгірету терапиясы» деп аталған-ды.
1989 жылы күзде Венгрия Аустриямен шекараны ашты. Венгрияда болған ГДР-дің жүздеген азаматтары мұны ГФР-ға көшу үшін пайдаланды. ГДР-ден жарты млн-ға жуық шығыс немістері көшіп кетті. Бұған қарсы ГДР-дің көптеген қалаларында «Біздің кеткіміз келмейді» деп ұрандаған бұқаралық шерулер өтіп жатты. Манифестацияға қатысушылар дереу саяси және экономикалық реформалар жасауды талап етті. Бірақ Эрих Хонеккер мен оның төңірегіндегілер асыққан жоқ. Партияның өз ішінде Э.Хонеккерге қарсы оппозициядағы топ құрылды. ГСБП Орталық Комитетінің пленумі оны басшылық қызметтерінен алып, Орталық Комитеттің Бас хатшылығына Эгон Кренцті сайлады.
Шығыс Еуропа елдеріндегі саяси оқиғалар Болгарияда демократиялық жаңару жолына түсуге тырысқан күштерді жандандырды. БКП Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі П.Младенов Т.Живковты «жол беруге болмайтын әдістерді қолданады» деп айыптады. Елдің президент қызметі енгізіліп, оған П.Младенов сайланды.
Елде көптеген саяси ұйымдар мен партиялар демократиялық күштер одағына (ДКО) бірікті. ДКО төңірегіне біріккен оппозициялық күштер 1990 жылы жазда П.Младеновты қызметінен тайдыра алды. 1990 жылы Ұлы Халық жиналысы ДКО жетекшісі Желю Желевті елдің президенті етіп сайлады.
Румынияда 1965 жылдан бастап Николае Чаушескудің авторитарлық режимі орнады. Румыниядағы режимнің ауысу Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропаның көптеген елдеріндегіден өзгеше, қан төгісті сипатта өтті. 1987 жылдың соңында өнеркәсіптік қала Брашовта «Диктатор жойылсын»! деген ұранмен халық шеруі өтті. Оны полиция қуып таратты. Армия көтерілісшілер жағына шықты Н.Чаушеску мен оның әйелі қашып кетуге тырысты. Бірақ ұсталып қалып, сотсыз атып өлтірілді. Оппозияцияда болған Ион Илиеску бастаған Ұлттық құтқару майданы құрылды. 1990 жылы мамырда И.Илиеску Румынияның президенті болып сайланды.
Чехословак қоғамында орныққан жариялылық пен саяси плюрализм саясаты баспасөз беттерінде дұрыс мақалалар жариялануына алып келді. 1968 жылдың жазына қарай ЧКП қоғамдағы жағдайды бақылауын тоқтатты. 1968 жылы Прага көктемі атты қозғалыс КСРО, ГДР, Венгрия әскерлерімен басып жаншылды.
Халықтық демократия елдерінде ең ауыр саяси дағдарыс Венгр Халық Республикасында орын алды. Ел ішіндегі халықтың едәуір топтары, капиталистік және ұсақ тауарлық укладтармен байланысты жаңа өкіметке наразы болды.
1956 жылы Венгр еңбекшілер партиясы басшылығында дамудың бұдан былайғы жолдарын таңдау туралы айтыс басталды. Оппозиция болса, партиядан шығарылған бұрынғы Премьер-министр Имре Надьтың төңірегіне топтасты. Оқиғалар 1956 жылы 23 қазанда студенттердің бейбіт шерулерінен басталды. Олар еркін сайлау өткізуді, И.Надьты қайтадан Премьер-министр қызметіне қоюды талап етті. Қарулы көтеріліс басталып кетті. И.Надь Министрлер Кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Үкімет төтенше жағдай енгізілетінін хабарлап, кеңес әскерлерін Будапештен алып кетуді өтінді. 24 қазанда кеңес әскерлері Венгрияның астанасына енді.
Осындай жағдайда 2 қарашада Янош Кадар бастаған коммунистердің бір тобы жұмысшы табы партиясын қалпына келтіру туралы шешім қабылдады, ол партия Венгрия социалистік жұмысшы партиясы (ВСЖП) деп аталды. 1956 жылы венгр революциялық жұмысшы шаруалар үкіметі құрылып, оны Я.Кадар басқарды. Ол кеңес қолбасшылығынан бүлікті басуды өтінді. ВСЖП Орталық комитеті 1956 жылғы оиғаларды елде капитализмді қайтадан жамап-жасқауға бағытталған контрреволюциялық бүлік деп бағалады. И.Надь «мемлекетке сатқындық жасады» деп айыпталып, өлім жазасына кесілді.
1989 жылы Венгрияның жоғарғы соты И.Надьты және онымен бірге сотталған басқа адамдарды ақтады. 1989 жылдан бастап, 1956 жылы қарулы көтеріліс Венгрияда Сталиндік режимге қарсы бағытталған халық көтерілісі деп қарастырылатын болды. 23 қазан Ұлттық мереке күні деп жарияланды.
- 1956 жылы Поляк біріккен жұмысшы партиясында талас туғызған мәселе:
- Югославия мен Кеңес басшылары арасындағы жанжалдың себебі:
- Берлин дағдарысының себебі:
- Халықтық демократия елдерінде ең ауыр саяси дағдарыс болған ел:
- Венгрияда 23 қазан...
- Шығыс Европа елдерінде халықтық демократия құрылысы жарияланды:
- 1968 жылы Чехословакиядағы коммунистік билік жүйесіне қарсы шыққан қозғалыстың аты:
-
1968 жылы Чехословакияға әскери күштерін кіргізген елдер:
- 1949-53 жж. социализм жүйесін құруда КСРО-ға ұқсамауға тырысқан ел:
-
Орталық және Оңтүстік-Шығыс Европа елдерінде социализмнің негіздері құрылған кезең:
- Герман Демократиялық Республикасы құрылды:
- ХХ ғ. 90 жж. Болгарияда билікке келген:
-
ХХ ғасырдың 90-жж. этникалық және ұлттық қақтығыстар болған қала:
- Н.Чаушеску үстемдігі орнаған Шығыс Еуропадағы социалистік мемлекет:
- Берлин қабырғасы тұрғызылған жыл:
- 1947-1948 жж. Шығыс Еуропа елдерінде КСРО-ның қолдауымен билікке келгендер:
- 1989 жылға дейін ГДР-ді басқарған коммунист:
- «Прага көктемі» аталған Чехословакиядағы революция болды:
-
1955 жылы құрылған социалистік елдердің әскери-саяси ұйымы:
- 1949 жылы құрылған социалистік елдердің экономикалық одағы:
-
ХХ ғ. 80-жж. жүзеге асырылған Польшадағы реформаның атауы:
- Шығыс Еуропа елдері әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуда осы елдің моделін қабылдады:
- Шығыс Еуропа елдері:
-
Егеменді Словения, Босния, Герцеговина, Македония, Хорватия мына елдің аймағында пайда болды:
- Екінші Берлин дағдарысы болған жыл:
-
1995 жылы Дейтон келісімі негізінде Босния мен Герцеговина ұлттық бөлшекке бөлінді
-
Соғыстан кейін құрылған Сыртқы Істер Министрлер Кеңесінің міндеттері:
-
Халықтық-демократиялық құрылыс орнаған Еуропа елдерінде:
-
Социалистік құрылыстың үлгісі ретінде КСРО тәжірибесін алған елдер:
-
НАТО-ның құрамына алғашқы кірген бұрыңғы социалистік мемлекеттер:
-
НАТО-ның «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» атты бағдарламасы қарастырды:
-
50 жылдары саяси дағдарыстарға ұшыраған социалистік мемлекеттер:
-
Еуропадағы «тоталитарлық социализм» құрылысындағы дағдарыс көрінісі:
-
1989-1991 жылдардағы демократиялық революциялардың нәтижесі: