Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздарының есімдері белгілі болды

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының мәліметінше, Астана, Қостанай және Өскемен қалаларында қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша республикалық олимпиада аяқталды. Оған еліміздің барлық аймақтарынан 697 оқушы қатысты.

Дәстүр бойынша олимпиада екі кезең бойынша өткізілді: тестілеу, жазбаша және ауызша тапсырмалар. Барлығы 317 медаль додаға салынды: 162 қола, 94 күміс және 61 алтын.

«Бұл олимпиада балалардың білімі мен білігінің көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу және жаңа таныстық қалыптастыру мүмкіндігі. Биыл алғаш рет жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада еліміздің алты өңірінде өтті. Үш қалада (Қостанай, Өскемен, Астана) ұйымдастырылған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы олимпиадаға 700-ге жуық оқушы жиналды», – деді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың жалпы қорытындысы бойынша «Олимпиаданың ең жас қатысушысы» дипломы Жамбыл облысының 8-сынып оқушысы Ғабиден Сабырғалиге берілді.

«Үздік ауыл оқушысы» номинациясы бойынша I республикалық ауыл олимпиадасының жеңімпаздары, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың жүлдегерлері марапатталды: Түркістан облысынан Донаханым Азиева, Сарвиноз Убайдуллаева және Жасмина Мұхитдинова; Абай облысынан Юлия Германова; Ақтөбе облысынан Мадияр Едіге; Маңғыстау облысынан Нұрсауле Жүсіп; Батыс Қазақстаннан Аруна Зайдуллина; Жетісу облысынан Анастасия Иванова және Гульназ Олжабаева; Атырау облысынан Мөлдір Мұса; Солтүстік Қазақстан облысынан Мақсат Өмірболатов; Қызылордадан Нұржан Орымбет; Алматы облысынан Милана Фурсова және Айша Бекмұханбет.

«Үздік олимпиадалық команда» номинациясы бойынша III орын Жетісу, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының командаларына берілді.

II орынды Атырау және Түркістан облыстарының командалары өзара бөлісті.

I орынды Астана мен Алматы қалаларының, Қостанай және Павлодар облыстарының командалары жеңіп алды.

Гран-при иегері болып «Назарбаев Зияткерлік мектептері» командасы танылды.

Сонымен қатар, жүлдегерлерге грамоталар мен алғыс хаттар және Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ректорының гранттары табыс етілді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ